Түркістанда жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі талқыланды

Түркістанда жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі талқыланды,деп жазады Пресса24.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналған жиын өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz. Басқосуға қоғамдық даму, білім және мәдениет саласының өкілдері, облыстық жастар орталығы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл патриоттық іс-шаралар жоспары туралы баяндама жасап, жастардың бойында ұлттық тәрбие мен елжандылықты қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Ертай Кенжебекұлы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен патриотизмді насихаттауға бағытталған мазмұнды жобалар қолға алынуы қажет екенін жеткізді. Жиында ұлттық сана мен елдік ұғымдарды насихаттауға арналған бастамалар да талқыланды.

Кездесу соңында жауапты сала өкілдеріне аталған іс-шараларды сапалы әрі жоғары деңгейде жүзеге асыру тапсырылды.