Бәйдібек ауданы: азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған меморандум жасау мәселелері қаралды

Аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен Бәйдібек ауданындағы ірі кәсіпорын басшыларымен кездесу өтті.
Жиында инвестициялық жобалар аясында ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды тарту және оларды тұрақты жұмыспен қамту жолдары талқыланды.
Аталған бастама халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға және еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.
Кездесу нәтижесінде кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы орган арасында өзара ынтымақтастық орнатып, меморандум жасау қажеттігі айтылды.