Бәйдібек: ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК: АУДАНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК: АУДАНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Бейдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында мекемеаралық мәжіліс өтті. Мәжіліс аясында ауданның құқық бұзушылық профилактикасы, жол көлік оқиғаларының алдын алу және қылмыстың қайталануы мәселелері талқыланды.

Мәжіліске аудандық прокуратура, аудан әкімдігі, ауыл округтері әкімдері, жол полициясы қызметкерлері, білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары мен басқа да сала мамандары қатысты.

Алғашқы мәселе бойынша аудан көлеміндегі құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы қаралып, аталмыш саладағы нәтижелер мен көрсеткіштер талқыланды. Профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары жасалды.

Екінші мәселе – жол көлік оқиғаларын болдырмау және алдын алу. Бұл мәселеде арнайы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі талдау жасалып, жолдардағы жағдайды жақсарту үшін бірқатар шаралар қолға алынатын болды.

Үшінші мәселе қылмыстың қайталануы бойынша қаралды. Қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу үшін полиция қызметкерлерінің жұмыстары мен аймақтық алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Мәжіліс соңында барлық қатысушыларға қойылған міндеттер мен жауапкершіліктер туралы түсініктеме беріліп, келесі қадамдар бойынша жоспарлар әзірленді. Ауданында қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы сынды шаралар жалғасын табады.

Аудан әкімдігі тарапынан алдағы уақытта ұйымдастырылатын жиындар мен мәжілістердің маңыздылығы жоғары екені атап өтілді.