Бәйдібекте заң көмегін тегін алуға мүмкіндік бар

30 мамыр күні Бәйдібек ауданында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Бұл – құқықтық көмекке мұқтаж азаматтар үшін үлкен мүмкіндік. Акция сағат 11:00-де Шаян ауылындағы «Жастар ресурстық орталығында» басталады.

Игі бастама ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Әділет министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылар қатарында Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі мен Республикалық адвокаттар алқасы бар.

Акция аясында белгілі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарға тегін кеңес береді. Құқықтық сауатты арттыруды көздейтін шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте өткізіледі.

Бәйдібектіктер аталмыш іс-шараға қатысып, өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кәсіби көмек ала алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция халықпен ашық әрі сенімді диалог орнатудың тиімді жолы болып отыр.