Бәйдібек: «Шаян халық театры» әртістерінің Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік қойылымы ұсынылды

Бәйдібек: «Шаян халық театры» әртістерінің Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік қойылымы ұсынылды
Бәйдібек ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Шаян халық театры» әртістері арнайы мерекелік қойылым қойып, көрермен назарына ұсынды.
Театр ұжымы Отан үшін жанын пида еткен ардагерлердің ерлігін насихаттап, тарихқа тағзым ететін әсерлі сахналық көріністер арқылы патриоттық рухты жоғары деңгейде жеткізе білді. Қойылым барысында майдан даласындағы сарбаздардың бейнесі, тылдағы халықтың еңбегі мен жеңіске деген сенімі шынайы әрі көркем жеткізілді.
Көрермендер театр өнеріне ризашылықтарын білдіріп, әртістердің шеберлігіне зор қошемет көрсетті.