САУРАН: ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

Сауран ауданына қарасты Майдантал ауылының Ынталы елді мекенінде “Бірлікті іс – таза аула, көрікті көше” атты сенбілік ұйымдастырылды. Шараға Сәкен Сейфуллин көшесінің тұрғындары белсене қатысып, ауыл тазалығы мен көркейтуіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстарына 40-қа жуық тұрғын жұмылдырылып, көше бойы мен аулалар күл-қоқыстан тазартылды, ағаш түптері әктеліп, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Сенбілік барысында қоршаған ортаны қорғау мен елді мекеннің көркін арттыруға баса назар аударылды.
Ауыл әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға арнайы 2 техника тартылып, жиналған қоқыс тиісті орындарға жеткізіліп, топырақ тасымалдау жұмыстары да жүргізілді.
Мұндай шаралар – тұрғындар арасындағы бірлік пен экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.