ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӨКІЛДЕРІ САУРАНДА

Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы ресми сапармен Сауран ауданына келді.
Кездесу барысында халықаралық әріптестік, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ әкімшілік басқарудағы тәжірибе алмасу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Делегация құрамында Түркияның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері болды. Қонақтар Сауран өңірінің тарихи, мәдени және инвестициялық әлеуетімен танысып, оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Бұл сапар — түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған маңызды әрі стратегиялық қадам болып отыр.