Жетісайда Өзбек инвесторларымен меморандумға қол қойылды

Жетісайда Өзбек инвесторларымен меморандумға қол қойылды
Сәуірдің соңында Ташкент қаласында өткен ТМД Экономикалық кеңесінің 105-ші отырысы мен ТМД-ға мүше елдердің алғашқы «Аймақтар форумы» аясында өңіраралық ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды.
Қазақстан делегациясының құрамында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов та қатысты. Форум барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, өндірістік-технологиялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.
«BMB Holding» және «Uz Trade» компанияларының басшыларымен өткен екіжақты кездесулерде агроөнеркәсіптік кешен мен жеміс-көкініс өнімдерін жеткізу бағытындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылды:
- Қызылорда облысы әкімдігі мен «Orient Ceramic» ЖШС
- «Qazak Oner» ұлттық қауымдастығы мен «Хунарманд» қауымдастығы
- Жетісай ауданы әкімдігі мен Өзбекстандық «Samarkand Irrigation System» компаниясы
Бұл құжаттар екі жақты экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға, сонымен қатар, Жетісайдың агроөнеркәсіптік әлеуетін дамытуға бағытталған.