ЖЕТІСАЙ АУДАН ӘКІМІ: БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ
Жетісай ауданы әкімі Серік Мамытовтың құттықтауы
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы ел бірлігі мен достығын дәріптейтін ерекше мереке ретінде халқымыз үшін қашан да қадірлі. Бұл – тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің ынтымағы мен татулығының, ортақ Отанға деген сүйіспеншілігінің айғағы.
Қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерде туған топырағына тағдыр жетелеп әкелген өзге ұлт өкілдерін бауырына басты. Бүгінде олардың ұрпақтары еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолында бірлесе еңбек етіп келеді. Жетісай ауданы да көпұлтты құрамымен, этносаралық келісім мен сыйластық үлгісімен ерекшеленеді.
Қоғамдағы татулық пен келісім – тәуелсіздігіміздің тірегі, болашағымыздың берік кепілі. Бірлік пен түсіністік бар жерде әрқашан береке мен ырыс болады.
Осы ұлы мереке қарсаңында барша жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бір шаңырақ астындағы татулығымыз арта беріп, мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне бәріміз бірлесіп үлес қоса берейік!
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі