Созақтың мақтанышы Акбар Елубай – Азия чемпионы атанды

Иорданияның астанасы Амманда 21–25 мамыр аралығында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Созақ ауданының спортшысы Акбар Елубай 94+ кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Акбар алғашқы белдесуінде жапониялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда палестиналық спортшымен кездесіп, финалға жолдама алды. Ақтық сында тайландтық қарсыласын қылқындыру әдісімен таза жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.
Осылайша, ел намысын абыроймен қорғаған спортшы көк байрағымызды халықаралық ареналарда тағы бір мәрте биікке көтерді. Азия чемпионатындағы бұл жеңіс – тек Акбар Елубайдың ғана емес, бүкіл Созақ ауданының мақтанышы.