Жексенбі, 8 Маусым

Түркістандық студент елдің үздік жастары қатарына енді

 

Түркістан жоғары медицина колледжінің 4-курс студенті Бақдәулет Дүйсенбек Қазақстан Республикасының «Үздік 100 студенті» атағына ие болды. Бұл жетістік ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен “Talap” КЕАҚ ұйымдастырған республикалық байқау аясында тіркелді.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ең белсенді студенттері қатысып, өздерінің жобаларын ұсынды. Бақдәулет туған өңірін дамытуға арналған жобасын сәтті қорғап, болашақ медицина маманы ретінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мен қоғамға қызмет етудегі көзқарасын нақты жеткізді.

«Мейіргер ісі» мамандығында білім алып жатқан Бақдәулет байқау барысында кәсіби даярлық деңгейін, көшбасшылық қасиеті мен азаматтық белсенділігін айқын көрсетті.

Бұл жеңіс – Түркістан жастарының білім мен қоғамдық өмірде белсенділік танытып, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқанын дәлелдейді.