БӘЙДІБЕК: ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

БӘЙДІБЕК: ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС – НЕГІЗГІ МІНДЕТ
Ірі кәсіпорындармен жұмысқа орналастыру жөнінде меморандум мәселесі талқыланды

Бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен аудандағы ірі кәсіпорын басшыларымен кездесу өтті. Жиын барысында инвестициялық жобалар негізінде ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды тарту мәселесі қаралды.

Кездесудің басты мақсаты – жұмыс берушілер мен жергілікті билік арасында меморандум жасасу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын жүйелеу. Бұл қадам аудандағы жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Тараптар бос жұмыс орындарын нақтылау, кәсіби даярлықтан өткізу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттілігіне бейімделу жолдарын талқылады.

Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта жұмыссыз азаматтарды кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру бойынша меморандум жасасу және тиісті іс-шараларды үйлестіру тапсырылды.