БӘЙДІБЕК: ОРЫНБАЙ ТАЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ САЗ МЕКТЕБІНЕ – 50 ЖЫЛ

БӘЙДІБЕК: ОРЫНБАЙ ТАЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ САЗ МЕКТЕБІНЕ – 50 ЖЫЛ
Өнер мен мәдениет бесігі жарты ғасырлық белесінде

Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің 50 жылдық мерейтойына арналған «Өнер мен саздың бесігіне – 50 жыл» атты салтанатты концерт өтті.

Мерейтойға аудан әкімдігінің өкілдері, мектеп түлектері, ата-аналар, ардагер ұстаздар мен өнерсүйер қауым жиналды. Шараны аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы ашып, құттықтау сөзінде саз мектебінің мәдениет пен өнер саласындағы тарихи рөліне тоқталып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Концерттік бағдарламада:

  • Мектептің талантты ұстаздары мен түлектерінің ән-күй,
  • Би өнері және көркемсөз шеберлігі ұсынылды.
  • Шара мектеп тарихын дәріптеп қана қоймай, ел ішіндегі өнерге деген ықыластың биік екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Орынбай Тайманов атындағы саз мектебі – жарты ғасыр бойы өскелең ұрпаққа ұлттық өнер мен музыкалық тәрбие беріп келе жатқан мәдениет ордасы.