Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтті

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АЛЖИР» МЕМОРИАЛЫНА ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЙДЫ
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтті

Бүгін – 31 мамыр, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы маңында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барды.

Президент тоталитарлық режимнің жазықсыз құрбаны болған боздақтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоғын қойды. Салтанатты сәт бір минут үнсіздікпен жалғасты.

Айта кетейік, бұл күн – өткен ғасырдың ауыр зұлматына ұшыраған миллиондаған адамдардың тағдырын еске салып, тарихи әділдікті орнатуға бағытталған маңызды дата.