ЖЕТІСАЙ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖЕТІСАЙ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ
Ауқымды сенбілікке 2 мыңға жуық адам қатысты
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай Жетісай ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Қалалық, кенттік және ауылдық округтердің тұрғындары, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ ерікті жастардан құралған 2 мыңға жуық азамат сенбілікке жұмылдырылды. Тазалық шараларына 23 арнайы техника тартылды.
Аудан аумағындағы әр мекемеге нақты учаскелер бекітіліп, кіреберіс аймақтар мен көптен жиналған қоқыстар тазартылды. Сонымен қатар, қураған шөптер шабылып, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Аталған сенбілік қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, тұрғындарды табиғатты таза ұстауға үндеуге бағытталған.