ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ЗАМАНАУИ САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ЗАМАНАУИ САЯБАҚ АШЫЛДЫ
Жаңа нысан қаланың 110-шы демалыс аймағы болды

Түркістан қаласында Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында жасанды көлі бар жаңа саябақ ашылып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыру – басты міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – жалпыұлттық мәселе» деп атап өтті. Бүгін пайдалануға берілген саябақ – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың көрінісі. Бұл нысан Түркістанның экологиялық және туристік әлеуетін арттыра түседі, – деді өңір басшысы.

Саябақтың негізгі сипаттамалары:

  • Жалпы аумағы – 12,77 гектар
  • 19 500 м² жасанды көл (су сыйымдылығы – 60 000 м³)
  • 92 метрлік жаяу жүргіншілер көпірі
  • 38 438 м² көгалдандырылған аймақ
  • 8 000-ға жуық ағаш пен жасыл екпе
  • Сарқырамалар, субұрқақтар, шолу алаңы
  • Тамақтану аймақтары, балалар алаңшалары, әкімшілік ғимарат
  • 270 орындық, 240 қоқыс жәшігі
  • 600 адамға дейін бір мезетте қабылдау мүмкіндігі

Ашылу рәсімі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Шара барысында концерттік бағдарлама, театрландырылған көріністер, танымал әртістердің өнері, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтары мен спорттық жарыстар өтті.