ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси даму мәселелерін қарастыруға арналған жиын өткізілді. Ертай Кенжебекұлы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтіп, дер кезінде қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, этносаралық келісімді нығайту мен тұрғындармен тығыз байланыс орнату қажеттігін ерекше баса айтты.

📌 Ертай Алтаев:
– Ел бірлігін сақтау және тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуі тиіс. Әрбір жауапты басшы өз саласын терең зерделеп, сапалы нәтижеге қол жеткізсін, – деді.

Жиында облыстың түрлі басқармалары қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына тиісті тапсырмалар берілді.