Табиғатты аялау – ортақ міндет: Арыста сенбілік өтті

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Арыс қаласында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік аясында қала аумағындағы күл-қоқыстар жиналып, ағаштар түптеліп, көшелер мен саябақтар тазаланды. Бұл шара қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.
Аталған бастама – Арыста жүргізіліп жатқан экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстың бір көрінісі. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз.