Ордабасыда ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті

 

Ордабасы ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ерекше әлем» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев пен «Армандар орындалады» атты жеке әлеуметтік жобаның авторы Әсел Бимырзаева қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

Мерекелік жиынға аудан аумағындағы ерекше балалар арнайы шақырылып, сыйлықтарға ие болды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

– 1 маусым – балалардың құқықтары мен болашағына назар аударатын маңызды мереке. Балаларға қуаныш сыйлау – бәріміздің ортақ парызымыз. Осындай игі бастамаларға әрқашан қолдау көрсетуге дайынмын, – деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Шара балалардың рухани көңіл күйін көтеріп, қоғамдағы қамқорлық пен мейірім құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.