Түркістанда жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Түркістан қаласында инфрақұрылымды дамыту аясында жол жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жол салу барысымен танысты.

Әкім алдымен Қазыбек би мен О.Жарылқапов көшелерін аралап, құрылыс барысын көзбен көрді. Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын төрт жолақты жолдың құрылысы қызу жүріп жатыр. Қаржыландыру толық қамтамасыз етілсе, биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Тәукехан көшесінде де асфальт төсеу, аяқжол салу сынды жұмыстар қарқын алған.

Нұралхан Көшеров сондай-ақ Б.Қалаби көшесіндегі реконструкциялау жобасымен де танысты. Ұзындығы 7,4 шақырым болатын бұл көше төрт жолаққа кеңейтіліп, 2024-2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Қазірдің өзінде 3,4 млрд теңгеден астам қаражат игерілген. Жоба толығымен аяқталғанда «Бекзат» шағынауданы тұрғындарының қатынасы жеңілдеп, қала орталығындағы көлік тығыздығы төмендейді.

Облыс басшысы жауапты тұлғалардың есептерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді. Жол сапасы мен құрылыс мерзіміне қатысты жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.

Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырым болатын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл – қаланың көлік инфрақұрылымын сапалы жаңартуға бағытталған ауқымды қадам.

Кілтсөздер: Түркістан, жол жөндеу, инфрақұрылым, Нұралхан Көшеров, көше құрылысы, Бекзат шағынауданы, Қазыбек би көшесі, Б.Қалаби көшесі, Түркістан облысы