БӘЙДІБЕК: ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ІРІ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бәйдібек ауданында азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесу барысында инвестициялық жобалар аясында ашылатын жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды тарту, сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жергілікті билік арасындағы ынтымақтастықты нығайту жайы сөз болды.
Тараптар жұмыссыздық деңгейін төмендету және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумдарын жасасу мүмкіндіктерін қарастырды.