БӘЙДІБЕК: САЗ МЕКТЕБІНІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: САЗ МЕКТЕБІНІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бәйдібек ауданында Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің 50 жылдығына орай «Өнер мен саздың бесігіне – 50 жыл» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды. Мерейтойлық іс-шара аудандық мәдениет үйінде өтті.

Кешке аудан әкімдігі өкілдері, мектеп түлектері, ардагер ұстаздар, ата-аналар және өнерсүйер қауым жиналды. Мерекелік шараны аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі.

— Өнер мен мәдениеттің қарашаңырағына айналған бұл мектеп – өңіріміздегі талай талантты өнерпаздың қанатын қатайтып, ел мәдениетіне зор үлес қосып келе жатқан орда. Бүгінгі мерейтой – осы жетістіктің айқын көрінісі, – деді ол өз сөзінде.

Салтанатты кеште мектеп ұстаздары мен түлектері өнер көрсетіп, көрерменге әсем ән мен күмбірлі күйден, көркемсөзден, ұлттық билерден тарту жасады.