БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бәйдібек ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 21 сәуірі мен 4 маусымы аралығында жергілікті атқарушы органдарда ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған шара бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Осыған орай, бүгін аудан әкімдігі аппаратының басшысы Әуен Фазылбек Мұхаддасұлының төрағалығымен арнайы жиын өтіп, жүргізіліп жатқан ішкі талдаудың аралық нәтижелері талқыланды. Басқосуға ауданның дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және “AMANAT” партиясының аудандық өкілі қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталуы ықтимал салалар мен ресми құжаттар талданып, алдын алу бағытындағы нақты тапсырмалар берілді. Талдау барысында анықталған кейбір кемшіліктерді жою және оларды болдырмау жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Фазылбек Мұхаддасұлының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі әрі тұрақты түрде жалғасуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта нақты мәселелер бойынша терең зерделеу мен мониторинг жүргізілетін болады.

Іс-шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді бақылау мен басқару тәжірибесін жетілдіруді көздейді.