БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бәйдібек ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Игі бастама аясында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 354 балаға оқу құралдарымен толық жабдықталған мектеп сөмкелері сыйға тартылды.

Шара барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, мектеп сөмкелерін жеке өзі табыстады. Ол өз сөзінде балалардың сапалы білім алып, дамуына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

– Бүгінгі қайырымдылық шарасы – қоғам назарын ерекше балалардың қажеттіліктеріне аударуға бағытталған маңызды қадам. Әр бала – бағалы, ал олардың арманы мен мүмкіндігі шексіз, – деді Қырғызалиев.

Жобаны жүзеге асыруға Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» КММ қолдау білдірді. Шараға үй жағдайында арнайы күтім алатын балалар мен олардың ата-аналары да қатысты.

Мерекелік іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ата-аналар тарапынан жылы лебіздер мен алғысқа толы пікірлер айтылды.