БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
30 мамыр күні Бәйдібек ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында өтіп, тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беруге бағытталды.
ҚР Үкіметінің қолдауымен өткен акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы сынды бірқатар мекемелер бірлесіп ұйымдастырды. Шараға адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Тұрғындар түрлі сала бойынша сауалдарын қойып, нақты әрі заңды кеңестер алды. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған бұл бастама халық арасында оң қабылданып, белсенділік танытқандар көп болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен құқық қорғау саласы мамандары арасындағы байланысты нығайтып, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға ықпал етеді.