ЖЕТІСАЙ: ӘКІМ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бүлдіршіндерді, сондай-ақ ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.

Өз құттықтауында әкім балалық шақтың адам өміріндегі маңызын атап өтіп, балалардың амандығы – ел болашағының сенімді кепілі екенін жеткізді.

– Бүлдіршіндер – жасампаз мемлекетіміздің болашағы. Олардың жарқын күлкісі мен бақытты келбетінен артық қуаныш жоқ. Балаларымыздың дені сау, болашағы жарқын, аспаны ашық болсын, – деді әкім.

Айта кетейік, бұл күн – бүкіл әлем бойынша балалардың құқықтарын қорғау мен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында 1950 жылдан бері аталып келеді.