Қазығұртта зияткерлік сайыс: «AMANAT-AQYLMAN» жастарды білім додасына ұластырды

Қазығұртта зияткерлік сайыс: «AMANAT-AQYLMAN» жастарды білім додасына ұластырды

Қазығұрт ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «AMANAT-AQYLMAN» интеллектуалды ойындарының іріктеу кезеңі жоғары деңгейде өтті. Ойынның басты мақсаты – білім мен ой-өрісті дамыту арқылы жас көшбасшыларды анықтап, олардың зияткерлік әлеуетін арттыру және ағартушылық құндылықтарды жаңғырту.

Дәстүрге айналған байқау биыл төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау, шешендік өнер, ұлттық құндылықтар мен заманауи білім салаларында бақ сынасты. Бес кезеңнен құралған ойында топтық жұмыс пен ұжымдық бірлік басты өлшемге айналды.

Шараға арнайы қатысқан облыстық «Жастар рухы» ұйымының төрағасы Жансерік Жұман, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Бақытжан Жапбарқұлов және партия өкілдері қатысушыларға сәттілік тілеп, интеллектуалды дамудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Тартысты дода нәтижесінде:

  • III орын – «Мансап» орталығы мамандарының командасына,
  • II орын – №11 колледж ұстаздар командасына,
  • I орын – Қазығұрт ауыл округі әкімдігі командасына бұйырды. Жеңімпаз команда енді облыстық кезеңде бақ сынайды.

Айта кету керек, бұл ойындар Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналса, қорытынды кезең ҚР Конституциясының 30 жылдығы аясында Түркістан қаласында өтпек.