Мақтааралда отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб өтті

Мақтааралда отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб өтті
Мақтаарал ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Игі бастаманың мақсаты — отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттау.
Іс-шара барысында аудан тұрғындарына арнап түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық қорғау органдарының өкілдері мен психологтар кеңес берді. Қатысушылар арасында жастар мен белсенді азаматтар ерекше белсенділік танытты.
Шара аясында арнайы ұйымдастырылған флешмобта қатысушылар плакаттар мен ұрандар көтеріп, зорлық-зомбылыққа қарсылықтарын білдіріп, бірлік пен бейбіт өмірге үн қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар қоғам назарын маңызды әлеуметтік мәселелерге аударуға, сондай-ақ отбасындағы татулық пен өзара құрметті нығайтуға ықпал етеді.