Мақтааралда “Халық заңгері” акциясы өтті

Мақтааралда “Халық заңгері” акциясы өтті,-деп хабарлайды Пресса24.кз.

Мақтаарал ауданында республикалық “Халық заңгері” акциясы дәстүрге сай биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жедел, сапалы заң көмегін көрсету.

Іс-шара барысында заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, медиаторлар мен құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарды қабылдап, жер, мүлік, әлеуметтік көмек, алимент, еңбек даулары және басқа да маңызды құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер берді.

Көптеген азаматтар өздерін мазалаған мәселелерге заң аясында нақты жауап алып, кейбірінің проблемасы сол жерде шешімін тапты. Қабылдау жеке және құпия түрде өтті, бұл тұрғындарға ашық әрі еркін пікір білдіруге мүмкіндік берді.

Облыстық және аудандық деңгейдегі мамандар мұндай акциялардың қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтерудегі маңызын ерекше атап өтті. Олардың айтуынша, халықтың заңды білгені – құқықбұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы.

Акция аясында халық пен билік арасындағы байланыс нығайып, тұрғындардың мемлекеттік қызметтер туралы нақты ақпарат алуына жағдай жасалды. Тұрғындар мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізілуін қолдайтындарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.