Төлебиде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Төлебиде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті,-деп хабарлайды Пресса24.

2025 жылдың 30 мамырында Төлеби ауданында бүкіл еліміз бойынша бір мезгілде өткен «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілді. Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Аудандық мәдениет үйінде өткен акцияға Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов, аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокуроры Дастан Мырзағали, полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев және құқық қорғау, антикоррупциялық және экономикалық қадағалау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Тұрғындар жергілікті заңгерлер мен адвокаттардан жеке мәселелері бойынша кеңес алып, өзекті құқықтық сұрақтарға жауап алды. Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.