САУРАНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

САУРАНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданында кең ауқымды салтанатты шара ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен өткен мерекелік іс-шараға бүлдіршіндер, ата-аналар мен тұрғындар белсене қатысты.

Салтанатты кешке аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында мектеп оқушылары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, ән мен биден көрініс қойды.

Балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, қызықты ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Құттықтау сөзінде аудан әкімі: «Балалардың бақытты балалық шағы – біздің басты құндылығымыз» деп атап өтті.

Балалар мен ата-аналардың қуанышты сәттері, жүрекжарды лебіздері мен шынайы қуанышы – бұл күннің ерекше маңызын айқындай түсті. Саурандағы мерекелік жиын – балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің нақты көрінісі болды..