Жексенбі, 8 Маусым

Шардарада суға шомылу қауіпсіздігіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шардарада суға шомылу қауіпсіздігіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шардара қаласында суға түсу маусымы басталуына орай қала әкімдігі, учаскелік полиция инспекторлары және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жағажайларды аралау барысында тыйым салынған орындарда шомылып жүрген балалар анықталып, олардың ата-аналарына ескерту берілді.

Мамандар суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Бұл шаралар жаз мезгілінде қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Қала әкімдігі тұрғындарға үндеу жариялады:

  • Тек рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында шомылыңыздар;
  • Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • Қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтаңыздар.