Жексенбі, 8 Маусым

Шардара ауданында малдарды залалсыздандыру және бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде

Шардара ауданында малдарды залалсыздандыру және бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде

Шардара ауданында ауыл шаруашылығы жануарларына қатысты жоспарлы ветеринариялық шаралар жалғасуда. Жергілікті тұрғындардың және шаруа қожалықтарының ірі қара малдарын бүрку, ұсақ малдарын тоғыту және бірдейлендіру жұмыстары белгіленген кесте бойынша атқарылуда.

Бұл шаралар тек малы бар және қора-жайлары бар тұрғындар үшін мемлекет есебінен тегін жүзеге асырылады. Ветеринариялық жұмыстардың сапалы орындалуы үшін мал иелеріне келесі талаптар қойылады:

  • өз аумағын алдын ала механикалық тазалаудан өткізу;
  • ірі қара малдарды бүрку үшін дезинсекторларға жеткізу;
  • ұсақ малдарды арнайы тоғытуға арналған әуіттерге апару.

Аудан әкімдігі мен ветеринариялық қызмет өкілдері тұрғындарды бұл шараларға жауапкершілікпен қарауға және белсенділік танытуға шақырады.