САЙРАМ АУДАНЫНДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТЕДІ

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТЕДІ
Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастамасымен және «Сервистік әрі клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» жөніндегі қадамдық жоспар аясында «Қызмет алушылар күні» өтеді.
📅 Өтетін күні: 2025 жылғы 4 маусым
🕚 Басталу уақыты: сағат 11:00
📍 Мекенжай: Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Ұлы Дала көшесі, №55В
(«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалының Сайрам аудандық ХҚО ғимараты)
🔹 Іс-шара барысында келесі мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беріледі:
- Тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу
- Қандас мәртебесін алу
- Елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу
Мемлекеттік органдардың жауапты мамандары тікелей қабылдау жүргізіп, тұрғындарға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын өткізеді.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!