Түлкібастың әкімі рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тұтастығының, халқымыздың бірлігі мен ұлттық болмысының айқын көрінісі. Олар – әрбір азаматтың жүрегіне отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін ұялататын, ел болашағына деген сенімді нығайтатын қасиетті құндылықтар.
Бұл – көк байрағымыз желбіреп, Елтаңбамыз төрімізде жарқырап, Әнұранымыз асқақтап шарықтайтын ерекше күн. Біз бұл нышандарды ардақтау арқылы Тәуелсіз мемлекетімізге деген шынайы құрметімізді білдіреміз.
Осы атаулы күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның нышаны, рухымыздың тірегі!