ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» көк байрақ көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.
📌 Облыс басшысы өз сөзінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұран – ұлттың рухани тірегі екенін атап өтті:
«Тәуелсіздікті сақтау – оның Рәміздерін құрметтеуден басталады. Көк байрағымыз биікте желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қасиетті борышы», – деді Нұралхан Көшеров.
🎶 Іс-шара аясында мерекелік концерт өтіп, патриоттық әндер орындалды. «Jana Lep» шығармашылық ұжымы мен мектеп оқушылары Әнұранды бірге шырқады.
📍 Қазір Түркістан облысында 26 Рәміздер алаңы бар. Жыл соңына дейін Мақтаарал мен Сауран аудандарында тағы екі жаңа алаң салынбақ. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.