Отырар ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Отырар ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады,деп жазады Пресса24.кз.

Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, ауызсу, инфрақұрылым мәселелері және әлеуметтік көмек бойынша өтініштерін жеткізді.

Әрбір тұрғынның мәселесі жеке қаралып, тиісті сала мамандарының қатысуымен бірлесе талқыланды. Кейбір өтініштерге сол жерде нақты жауап беріліп, жедел шешім қабылданды.

Қабылдау соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді мұқият зерделеуді, қажет болған жағдайда оқиға орнын барып көруді, сондай-ақ нақты іс-шара жоспарын әзірлеп, уақытылы шешу жөнінде тапсырма берді.