Жетісайда заманауи медициналық және спорт нысандары салынып жатыр

Асықатада жаңа медициналық орталық ашылды

Жетісай ауданында жеке инвестиция есебінен салынған «Samruk Medical Clinic» медициналық орталығы пайдалануға берілді. 2024 жылы басталған құрылыс бүгінде толық аяқталып, 130 жоғары санатты маман жұмысқа тартылған. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған мекеме күрделі оталар жасап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай ұсынады.
Клиникада күндізгі және тәуліктік стационар, терапия мен травматология бөлімдері қарастырылған. БАҚ өкілдері орталықтың қызметімен арнайы танысып шықты.


🎾 Жетісайда тұңғыш теннис орталығы бой көтеріп жатыр

Асықата кентінде «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен заманауи теннис орталығының құрылысы жүріп жатыр.
1 гектар аумақты қамтитын кешенде бір мезетте 200 адам жаттыға алады. Мұнда 9 теннис үстелі, күреске арналған 3 кілем, бокс рингі және басқа да спорт құралдары орнатылады.
Құны – 1 млрд теңге. Нысан биыл пайдалануға берілмек. Бұл аудан аумағында республикалық, халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік ашады.


🚜 «Смайл» шаруа қожалығы су үнемдеуді қолға алды

Абай ауылдық округіндегі «Смайл» шаруа қожалығы 230 гектар алқапқа қытайлық мақта шиті мен көкөніс-бақша дақылдарын егіп отыр.
Қожалықтың 177 гектарына «BNK GROUP» компаниясымен бірлесе отырып, су үнемдеу технологиясы енгізілуде.
– Гектарына кеткен шығынның 80%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады, – дейді қожалық басшысы Смайл Әуезов.


🍈 Қайрат Жақыпов ерте қауын жинауға кірісті

Жетісайлық шаруа Қайрат Жақыпов 30 гектар егіс алқабында «Бакинка» сортты қауын мен мақта өсіріп отыр.
15 гектарға егілген қауын көшеттері 70 күнде өнім беріп, жиын-терім жұмыстары басталып кетті.


🚰 Ауданда ауызсу жүйесі толық қамтылған

Өңір басшысы Серік Мамытовтың тапсырмасымен 105 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Жетісайда 1197 шақырым ауызсу құбыры тартылған, оның 81,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда жұмыс істеп тұр.