Түркістан облысына 7 жыл: 800-ге жуық елді мекен сапалы инфрақұрылыммен қамтылды

ТҮРКІСТАН. Соңғы жеті жыл ішінде Түркістан облысы инфрақұрылымды дамытуда айтарлықтай табысқа жетті. Су, газ, жарық сынды негізгі қажеттіліктер бойынша шалғайдағы ауылдарға дейін жүйелі жұмыс жүргізіліп, тұрғындардың өмір сүру сапасы жаңа деңгейге көтерілді. «Сақалды құрылыстар» мәселесі шешіліп, ұзақ жылдар бойы аяқталмай келген нысандар пайдалануға берілді.


Ауыз су – басты назарда

Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылда шешілмей келген ауыз су тапшылығы Түркістан облысында біртіндеп шешімін табуда. Қазірдің өзінде:

  • 30 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры тартылып,
  • 13 ауылда ескі желілер жаңартылған.

Нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны – 767-ге жетіп, бұл 2,1 миллион тұрғынға таза ауыз су жеткенін білдіреді. Қамту деңгейі — 95,9%.

Биыл тағы 30 ауылға су құбыры тартылады. Жыл соңына дейін 801 елді мекен толықтай орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізбек.


«Көгілдір отын» қолжетімді бола түсті

Облыстың газдандыру жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. 2018–2024 жылдар аралығында:

  • 115 нысанның құрылысы аяқталып,
  • 563 елді мекен газға қосылған.

Нәтижесінде 1,8 миллион адам табиғи газ тұтынып отыр. Қамту деңгейі — 69,7%.

Биыл:

  • 45 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі;
  • Қамту деңгейі 75,3%-ға дейін артады;
  • Жыл соңына дейін 597 елді мекен газбен қамтылады.

Айта кетерлік жайт, Кентау қаласындағы 100 жылға жуық тарихы бар жылу орталығының тозығы 85%-ға жеткен еді. Соңғы жылдары мұнда 6 қазандық жаңартылып, 6,6 шақырым магистралды құбыр жаңадан салынды. Бұл қала тұрғындары үшін жылу сапасын айтарлықтай арттырды.

Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 148 млрд теңгеге газ турбиналы станция салу жоспарланып отыр. Бұл жоба жылына 240 МВт электр, 160 Гкал/сағ жылу қуатын өндіреді.


Электр энергиясы — ауылға дейін

Түркістан облысы бүгінде электр энергиясының 80%-ын сырттан тасымалдайды. Қажеттілік — 320 МВт. Бірақ ішкі ресурстар есебінен бұл мәселені шешу жолдары қарастырылып отыр.

Облыстағы елді мекендердің 98%-ы орталықтандырылған электр жүйесіне қосылған. Қалған 16 ауыл шалғай орналасуына байланысты күн панелі немесе дизель генераторларымен қамтамасыз етілуде.

Соңғы кезеңде:

  • 44 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді;
  • Биыл 93 ауылға электр желілері тартылады.

Ал аймақты энергиямен толық қамтамасыз ету үшін **«Самұрық-Қазына» қор