АРЫСТА ҚАРСЫБАЙ АҚТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АРЫСТА ҚАРСЫБАЙ АҚТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ,-деп жазады Пресса24.кз.

АҚДАЛА. 18 маусым күні Ақдала ауылындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Арыс қаласының тумасы, әйгілі жыршы-термеші Қарсыбай Ақтаевты еске алуға арналған облыстық термешілер байқауы өтті.

Байқауға Түркістан облысының аудандары мен Арыс қаласынан келген өнерпаздар қатысып, жыр мен терменің тереңіне бойлады. Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, зиялы қауым өкілдері, Қарсыбай Ақтаевтың шәкірттері мен ауылдастары қатысты.

Шара аясында Қарсыбай Ақтаевтың есімін иеленген арнайы бөлменің ашылуы өтті. Бұл – термешінің шығармашылығын ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени бастама болды.

Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылып, әділқазылар алқасы орындаушылық шеберлік пен мазмұн тереңдігіне баға берді. Жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

  • 🏆 Бас жүлдеӘлімбеков Ералы (Арыс қаласы)
  • 🥇 І орынСаттарова Динара (Түлкібас ауданы)
  • 🥈 ІІ орынКелдебек Ердәулет (Арыс қаласы), Жайылхан Талғат (Созақ ауданы)
  • 🥉 ІІІ орынДиханбай Ерсайын (Түркістан қаласы), Тасқұлов Серік (Шардара ауданы)
  • 🎖️ Әкім жүлдесіӘкетай Арман (Кентау қаласы)
  • 🏅 Қ.Ақтаев атындағы арнайы жүлдеМусабекова Анеля (Сарыағаш ауданы)
  • 🎗️ Арнайы жүлдеБейсетаев Досжан (Төлеби), Төретаев Сәкен (Мақтаарал), Асан Мұхтар (Отырар)

Барлық жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.

Бұл байқау – ұлттық өнердің асыл мұрасын насихаттау жолындағы сүбелі қадам. Қарсыбай Ақтаевтың артында қалған бай рухани мұрасы жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.