Түркістан облысының әкімі Португалия елшілігінің өкілімен екіжақты талқылау жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Жозе Атаиде Амаралмен кездесті. Жүздесу барысында өңірдің экономикалық және туристік әлеуеті таныстырылып, екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

– Облысымызда инвесторларға барлық жағдай жасалған. Туризмді дамытуда Португалияның тәжірибесі біз үшін маңызды. Еуропалық туристер ағынын көбейтуге мүдделіміз, – деді әкім.

Өз кезегінде Жозе Атаиде Амарал қонақжайлыққа алғыс білдіріп, Түркістанның мәдени келбеті мен даму қарқынына жоғары баға берді. Ол қалаға «Voice of Turan – 2025» қазақ әндерінің халықаралық фестиваліне арнайы келгенін атап өтті.

«Португалияда қазақ әндерін шырқайтын өнерпаздар бар. Қазақ музыкасы – жоғары деңгейде», – деді мәртебелі мейман.

Кездесу соңында тараптар іскерлік байланыстарды жолға қоюға дайын екенін білдірді.