САУРАНДА МӘСЛИХАТТЫҢ 33-СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сауран аудандық мәслихатының кезекті 33-сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ашып, жүргізді. Отырысқа аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, депутаттар, ауыл округтері әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 12 мәселе қаралды. Атап айтқанда:

  • 2024 жылдың аудан және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер бекітілді;
  • құқық қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жер кадастры, кәсіпкерлік, мәдениет, жастар және экология салалары бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Ескі Иқан, Үшқайық, Жібек жолы және Жүйнек ауылдық округтері әкімдері де өз округтеріндегі қызмет барысы туралы есеп берді.

Сессия қорытындысында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарларын сапалы орындау қажеттігін айтып, жергілікті мәселелерді уақытылы шешуге шақырды.Жиын барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс пен сұрақтар қойылып, нақты тапсырмалар берілді.