Сайрамда жастар жасақтарының ашылу салтанаты өтті

Сайрам ауданында облыстық студенттік және жастар құрылыс жасақтарының ресми ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара жастардың еңбекке араласуын қолдау және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Сәбитов сөз сөйлеп, студенттік жасақтардың маңыздылығына тоқталды. Ол ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жасақ мүшелеріне табыс тіледі.
— Бұл — тек еңбек маусымының ашылуы емес, бұл — жас буынның елге қызмет етудегі алғашқы қадамы. Еңбекті бағалай білетін ұрпақ – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі, — деді аудан басшысы.
Іс-шара аясында студенттік құрылыс жасақтарын қалыптастыру, жастарды еңбекке баулу және елдің әр түкпіріндегі жоғары, арнаулы орта оқу орындарында осындай бастамаларды кеңейту көзделіп отыр.
Жобаның ауқымды мақсаты – еңбекке деген құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымды жастар арасында қалыптастыру.





