Сауран ауданындағы өндірістік серпін: жаңа жобалар кәсіпкерлікке жол ашуда

Түркістан облысында өндірістік инфрақұрылым күшейіп, кәсіпкерлікке тың серпін берілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің Сауран ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар индустриалды аймақтардың құрылысымен танысты.
2024–2026 жылдары аралығында Сауран ауданында бес бірдей өндірістік аймақ құрылып жатыр. Қарашық, Иассы, Жүйнек, Шорнақ және Үшқайық ауылдық округтерінде жалпы 55 гектар жерге 115 жоба орналастырылады. Қазірдің өзінде 60 кәсіпкермен келісім жасалып, олардың 30-ы құрылыс жұмыстарын бастап кетті.
Кәсіпкерге – қолдау, халыққа – жұмыс
Аймақ басшысы бұл бастаманың маңызын атап өтті:
– Өндірістік аймақтар – өңірлік дамудың локомотиві. Мұнда біз кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсынып, өнімдерін бір жерде шоғырландыру арқылы нарыққа шығуын жеңілдетеміз. Бұл – халыққа тұрақты жұмыс, өңірге инвестиция, – деді Нұралхан Көшеров.
Нақты жобалар мен өндірістік бағыттар
📍 Иассы ауылдық округі:
9 гектар аумақта 24 жоба жүзеге аспақ. Жиһаз, тігін, жол белгілері, пластик, қағаз, жартылай дайын тағам, құрылыс материалдары өндіріледі. Жалпы инвестиция көлемі – 6,3 млрд теңге. 600-ден астам адам жұмысқа тартылады.
📍 Қарашық:
10 гектарлық аймақта 20 жоба қарастырылған. Есік-терезе, желдеткіш, резеңке жабын, пластик ыдыс, тігін және жиһаз өндірісі қолға алынады. 4,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 170 жұмыс орны ашылады.
5 гектар жерде орналасқан «MinPromKaz» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын шығарады. Жылына 300 тонна өнім өндіреді деп жоспарланған. 300 адам жұмыспен қамтылады.
📍 ASIA BREND және DIVALUX:
Жиһаз шығаратын кәсіпорындар өнімдерін ел аумағына таратып жатыр. 150-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс





