Арыста мекеме қызметкерлері арасында «Intellect Cup» интеллектуалды сайысы өтті

Арыста мекеме қызметкерлері арасында «Intellect Cup» интеллектуалды сайысы өтті
Арыс қаласында жастар арасындағы ынтымақтастық пен білімділікті арттыру мақсатында «Intellect Cup» атты интеллектуалды сайыс өтті. Оны қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Сайысқа қаладағы түрлі мекемелердің өкілдері қатысып, білім мен ой-өресін сынға салды.
Іс-шараның ашылуында Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық қатысушыларға сәттілік тілеп, жастардың белсенділігіне оң бағасын берді.
Жарысқа төмендегі командалар қатысты:
- «Құтқарушылар» – Арыс ТЖ бөлімі
- «Мансап» – Мансап орталығы
- «Алғыр» – Арыс аудандық ауруханасы
- «Жалын» – Арыс 1 ст. ЖПБ
- «Арыс барыстары» – АПБ
- «Railways Arys» – Арыс 1 вокзалы
- «Арыс жауынгерлері» – 44859 әскери бөлім
Сайыс төрт кезеңнен тұрды, нәтижесінде:
- 🥇 I орын – «Құтқарушылар» (ТЖ бөлімі)
- 🥈 II орын – «Мансап» (Мансап орталығы)
- 🥉 III орын – «Алғыр» (аудандық аурухана)
Қалған командаларға белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
Жарысқа әділ қазылар алқасы ретінде Ерғали Қуандық, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Садықов және Жастар орталығының басшысы Әлішер Төлегенов төрелік етті.





