Арыста қоғамдық қабылдау өтті: тұрғындарға мемлекеттік қызметтер түсіндірілді

Арыста қоғамдық қабылдау өтті: тұрғындарға мемлекеттік қызметтер түсіндірілді

Арыс қаласында «Қоғамға қызмет ету күні» аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шара 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында өтті.

Қабылдау Кәсіпкерлік мектебінде өтіп, оған қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысты. Қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, өзекті сұрақтарына жауаптар берілді.

«Қоғамдық қабылдау – тұрғындармен ашық диалог орнатып, қызметтердің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам», – делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде.

Мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табады.