Түркістанда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Түркістанда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
– деп хабарлайды Пресса24.kz тілшісі.
Бүгін Түркістанда сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың он жетінші сессиясы өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 21 өзекті мәселе қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, әкімдік мүшелері, мәслихат төрағалары мен депутаттары, басқарма басшылары және қоғам өкілдері қатысты.
Жиынды облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға ұсынды. Сессия аясында энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, ветеринария және азаматтық қорғаныс басқармаларының есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы пайдалы қазбалар өндірісіне берілген лицензиялар мен келісімшарттардың орындалу барысы жөнінде баяндама жасады. Бұл саладағы түйткілдерге қатысты депутаттар тарапынан сын-ескертпелер мен нақты ұсыныстар айтылды.
Депутаттар сессия барысында жергілікті басқару, бюджет тиімділігі, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы мәселелерін көтеріп, шешімдер жобасына бірқатар түзетулер енгізді.
Сессия соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров қабылданған шешімдердің өңір дамуына оң әсер ететініне сенім білдіріп, депутаттардың белсенділігіне алғыс айтты.





