Түркістанда «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» форумы өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» атты ауқымды форум ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы қоғамда заң үстемдігін орнату – барша азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, құқықтық мәдениетті арттыру мен қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты бірге атқаруға шақырды.

«Тәртіп пен заң – тек жазалау құралы емес, әр азаматтың құқығын қорғауға бағытталған механизм. Облысымызда бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Жергілікті полиция мен әкімдіктер бірігіп, нақты шаралар қабылдауы тиіс. Биылдың өзінде құқық қорғау органдарына 24,2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, есірткі айналымына, интернет алаяқтыққа, жол-көлік оқиғаларына қарсы жүйелі жұмыс күшейтіледі», – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Форум барысында айтылған негізгі деректер:

  • 2024 жылдың 5 айында 199 кг есірткі тәркіленген
  • Интернетте 405 сайт бұғатталған
  • Алаяқтық қылмыстар 33%-ға, интернет алаяқтық 102%-ға өскен
  • Пробацияда тұрған азаматтарға 194 квота бөлінді
  • 75 елді мекенде ішімдік сатуға тыйым салынған, нәтижесінде қылмыс көрсеткіші күрт төмендеген

Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес мақсатында қатаң заңдар қабылданып, оның нәтижесінде қылмыс деңгейі 32%-ға азайған. Облыс көлемінде «Отбасын қолдау орталықтары» ашылып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетілуде.

Бұл форум Түркістан өңіріндегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті ны