Қазығұртта экологиялық сенбілік өтті

Қазығұртта экологиялық сенбілік өтті

Қазығұрт ауданында тазалық пен табиғатты қорғау мақсатында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты “Жастар ресурстық орталығы” КММ мұрындық болды.

Сенбілік барысында көше бойындағы арам шөптер орылып, арық-лотоктар қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттері суарылды. Бұл жұмыстар аудан экологиясын жақсартуға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылар барша ауыл тұрғындары мен қонақтарын туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға белсенді үлес қосуға шақырды.

Бұл бастама жүйелі түрде жалғасатын болады.