Жемісті ауылының Құрманғазы көшесі жарықтандырылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды

Жемісті ауылының Құрманғазы көшесі жарықтандырылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды

Сарыағаш ауданына қарасты Жемісті ауылдық округінің тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Елді мекендегі Құрманғазы көшесінің бойына жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол төселіп, түнгі уақытта қауіпсіз жүру үшін 12 жарық бағанасы орнатылды.

Мердігер мекеме «Абразив» ЖШС тарапынан толық аяқталған нысанды Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып көрді.
Атқарылған жұмыстармен танысқан аудан басшысы жергілікті әкімдікке жаңа нысандарды күтіп ұстауды, ауылдың тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын үнемі назарда ұстауды тапсырды.